Ерболат Жанабылов полицияға жеткізілді

30 қыркүйекте полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде Эльмира Төлегенованың жұбайымен болған жанжал туралы жариялаған жазбасын анықтады. Видеода ол оқиғаның мән-жайын айтып, қолындағы қызарған іздерді көрсетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Астана полициясының мәліметінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болғанын анықтаған. Эльмира Төлегенова полицияға арыз жазудан бас тартқан.

Соған қарамастан, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттерге байланысты Ерболат Жанабыловқа қатысты әкімшілік материал толтырылды.

Ұқсас ақпараттар