Астанада 18 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды

Астанада 18 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шығып, құтқарушылар төрт адамды, оның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оқиға елорданың Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылында болған.

ТЖМ мәліметінше, 18 қабатты тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген. Өрт шарпыған аумақ 25 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы құтқару маскаларының көмегімен төрт адамды, оның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт толық сөндірілді.

Ұқсас ақпараттар