SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Украина Starlink-ті шабуылға пайдаланды, бұл олқылықты жойдық деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Адамдардың өліміне әкелетін шабуыл жасау үшін азаматтық коммерциялық қызмет — Starlink-ті пайдалануға ешқашан рұқсат берілген емес және берілмеуі де керек. Әскери мақсатқа арналған басқа жүйе — Starshield бар. Ол АҚШ үкіметінің бақылауында. Оны қалай пайдалану керегін солар шешеді» деді Маск.
Оның айтуынша, Украина әскери күштері Starlink-ті дрондармен шабуыл жасауға пайдаланып, қызмет көрсету шарттарын бұзған. Соның салдарынан адамдар қаза болған. «Өткен аптада осы олқылық жойылды» деп жазды ол.
Алайда Масктің жазбасынан бұл Украинада спутниктік желінің екі түрінің де баяулағанына қандай қатысы бары түсініксіз.

