Павлодарда үш жасар қыз тісін емдеткеннен кейін комаға түсті

Бала үшінші тәулік бойы ес-түссіз жатыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оқиға туралы қыздың туысы айтып берді. Оның сөзінше, 21 қазанда бала Лермонтов көшесіндегі стоматологияда тісін емдеткен. Ем кезінде қыздың жағдайы күрт нашарлап, көзі аударылып, тыныс алуы қиындаған.

«Кабинетте шұғыл көмек көрсетуге арналған медициналық қобдиша болмады. Сіңлімнің “103 шақырыңыздар” деп айқайлағанына ешкім мән бермеді. Ол жылап сұрағаннан кейін ғана көрші кабинеттегі медбике жедел жәрдем шақырды», – дейді туысы.

Ұқсас ақпараттар