Шымкентте жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Алқабилердің қатысуымен өткен сот отырысында оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 20 мамырда сағат 13:00 шамасында Самал-3 шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласында болған. Жанжал кезінде әйел ер адамның кеуде тұсының оң жағына пышақ сұғып алған. Жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмды.
Сондай-ақ сотталған әйелден жәбірленуші тараптың пайдасына 20 млн теңге өндіру туралы шешім қабылданды.

