Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 10 өңірінде арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтардың, шекара маңындағы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстық схемалардың заңсыз әрекетінің жолын кесуге бағытталды.
Ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Операция барысында заңсыз айналымнан 25 қару, 2 граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

