Президенттің жарлықтарымен Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды әскери қызметкер қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қаныш Әбубәкіров — Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі Бас штаб бастығы қызметін атқарған;
Алмаз Жұмакиев — Қорғаныс министрінің орынбасары болған;
Қанат Ниязбеков — Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.
Осылайша, кейінгі күндері Қорғаныс министрлігінің жоғары басшылығында бірқатар кадрлық өзгеріс болды.


