Трамп: Иран ядролық қару алудан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәліметінше, Иран ядролық қаруға ие болуға қатысты барлық жоспарынан бас тартқан, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Трамп бұл туралы Иранға қатысты келіссөздер мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери операциялары аясында мәлімдеді.

АҚШ президенті сонымен қатар Иран мәселесіне қатысты «шешім қабылдауы» керегін айтты. Алайда оның қандай шешім туралы айтып отырғанын нақтыламады.

Трамп бұған қоса: «Иран талқандалды» деп мәлімдеді.

Тегеранның бұл мәлімдемеге қатысты ұстанымы әзірге белгісіз.

Ұқсас ақпараттар