ЖИ алдағы бес жылда 12 кен орнында мұнай өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді

«ҚазМұнайГаздың» цифрлық телнұсқасы қабаттарды, ұңғымалар мен инфрақұрылымды модельдеп, бірнеше сағат ішінде кен орнын игерудің 600-700 сценарийін есептеп, бұрғылауға оңтайлы нүктелерді анықтайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

AI & Digital Bridge 2026 көрмесінде мемлекеттік қызметтер бойынша 1414 байланыс орталығының виртуалды көмекшісі таныстырылды. Ол қазірдің өзінде 27 мыңға жуық қоңырауға жауап беріп, олардың шамамен 40%-ын оператордың көмегінсіз өздігінен өңдеген.

Астанада робототехниканың жаңа индустриясы құрылады. Онда гуманоид роботтар, робот-иттер және сервистік роботтар шығарылады. Алғашқы пилоттық жобалар Астана мен Алматыда іске қосылып, роботтар LRT, әлеуметтік нысандар және басқа да орындарда халыққа ақпарат беру үшін пайдаланылмақ.

Ұқсас ақпараттар