Пәкістан Сауд Арабиясына 30–40 мыңға дейін әскери қызметкер жіберді. Бұл күштер корольдіктің құрлықтағы шекарасын қорғауға, сондай-ақ дрондар мен зымырандарды ұстап қалуға жұмылдырылмақ, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Алайда Исламабад әзірге Пәкістан әскери күштерін Йеменге жіберіп, хуситтерге қарсы тікелей соғыс қимылдарына қатыстыру туралы шешім қабылдаған жоқ.
Яғни қазіргі мәлімет бойынша, Пәкістан әскерилері Сауд Арабиясының аумағын қорғауға бағытталған міндеттерді атқарады. Ал Йемендегі әскери операцияға тікелей қатысу мәселесі әзірге ашық күйінде қалып отыр.


