Алматының Әуезов ауданында азық-түлік дүкенінің кіреберісінде қыз бен ер адам арасында жанжал болған. Қазір полиция видеодағы ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны ұруға әрекет жасаған. Кейін қолына тас алып, оның артынан қуып, қолына түскен заттарды лақтырып, қорқытқан. Қыз ер адамның қатты мас болғанын айтты.
Алматы полиция департаменті қызға күш қолданылғаны бейнеленген видеоны зерттеп жатқанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта видеода бейнеленген ер адамның жүрген жері анықталып жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

