ҰҚК «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ведомство қыркүйек айында резерват қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер орманды жаппай заңсыз кесіп, ағашты өткізуге бағытталған тұрақты схема ұйымдастырған. Олар ақшалай сыйақы үшін орманның ең өтімді учаскелеріне кедергісіз кіруге мүмкіндік берген деген күдікке ілінді.
Тінту кезінде бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары, ақша қаражатын бөлу туралы қолжазба жазбалар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазір Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


