Қазақстанда медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттелді

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттелгені белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

1 қазаннан бастап Қазақстандағы медициналық ұйымдардың қызметкерлері маска режиміне көшті. Бұл талап тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында енгізілді.

Сонымен қатар медициналық ұйымдарда дезинфекция шаралары күшейтіледі. Бүкіл ел бойынша халыққа жаппай маска тағу режимін енгізу туралы талап жоқ.

Ұқсас ақпараттар