Қарағанды маңынан өнеркәсіптік көлемдегі есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мұнда екі тоннаға дейін мефедрон өндірілуі мүмкін болған. Полицияның мәліметінше, бұл шамамен 2 миллион бір реттік дозаға тең.
Алдын ала есеп бойынша, синтетикалық есірткінің заңсыз нарықтағы құны 40 миллиард теңгеге дейін жетеді.


