Зайсан көлінен екі балықшының денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінен 8 күн бойы іздестірілген екі балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздеу жұмыстарының алғашқы күнінде жағадан 3-4 шақырым қашықтықтан суға батқан қайық анықталған.

29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 25 жастағы жігіттің денесін тапқан. Ал 30 қыркүйекте құтқарушылар 47 жастағы балықшының денесін судан шығарды.

Іздеу жұмыстары кезінде сүңгуірлер суға 63 рет түскен.

Қаза тапқан екі адамның бір-біріне қандай қатысы бар екені нақтыланбады.

Ұқсас ақпараттар