Спорт журналисі Геннадий Головкинге шүйлікті

Спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындары кезіндегі бокс сессиясынан кейін Геннадий Головкинмен болған келеңсіз жағдай туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Журналист бұған дейін Головкин туралы жағымсыз пікір білдірмегенін, керісінше оны ерекше құрметтегенін айтты. Алайда соңғы кездесуден кейін оған деген көзқарасы өзгергенін жеткізді.

«Бұған дейін Геннадий Головкин туралы бір негатив жазбадым. Керісінше, құрметім ерекше болатын. Бүгін нөлге түсті. Бокс сессиясынан кейін амандасып жатсам, “бестыжый” дейді», – деп жазды Қаженов.

Оның айтуынша, ол үнемі Қазақстан спортшыларының жетістіктері мен мәселелерін көтеріп келеді. Осыған байланысты журналист Головкинді спорттағы нақты мәселелермен айналысуға шақырды.

«Викторияның жеңісін қайтар! Ясминаның алтынын қайтар! Басқа да жұмыс жетеді. Өз еліңнен келген қаракөздерге сөзбен атылып, олай мұқата берме! Нақты іспен айналыс!» – деді ол.

Қаженовтің бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Ұқсас ақпараттар