Қазақстандық спортшы Азия ойындарындағы алтыннан айырылды

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында әйелдер арасындағы 42,195 шақырымдық спорттық жүрісте бірінші болып мәреге жеткенімен, кейін жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Тоқсанбаева қашықтықты 3 сағат 22 минут 22 секундта бағындырған. Алайда жарыстан кейін төрешілер спортшының аяқ киімін тексерген.

Тексеру барысында оның кроссовкасының табаны белгіленген талаптан 4 миллиметрге қалың екені анықталған. Осыған байланысты World Athletics жарыс нәтижесін жойып, қазақстандық спортшыны дисквалификациялады.

Нәтижесінде алтын медаль Қытай спортшысы Данцзин Цюйцзунға берілді.

Ұқсас ақпараттар