Михаил Шайдоров мұз айдынына оралды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братиславада (Словакия) өтіп жатқан ISU Challenger сериясындағы халықаралық турнирде жаңа жарыс маусымын бастады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Олимпиада чемпионы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Шайдоров өз бағдарламасын орындағаны үшін 95,98 ұпай жинап, аралық есепте үшінші орынға жайғасты.

Қысқа бағдарламадан кейін 101,16 ұпай жинаған Евгений Семененко көш бастап тұр. Екінші орында – 99,10 ұпай алған Италия өкілі Даниэль Грассль.

Братиславадағы турнир 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger сериясына кіреді.

Ұқсас ақпараттар