Бүгін Ұлытау облысында төрт теміржол вокзалы жаңғыртылып, жолаушыларға қайта пайдалануға берілді. Жаңарған нысандар Жезқазған, Қаражал қалаларында, Жаңаарқа ауданында және Қызылжар бекетінде орналасқан, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен еліміздегі 125 теміржол вокзалын жаңғырту жобасы аясында, ҚР Көлік министрілігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Ұлытау облысының әкімдігімен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асырылды.
Жаңғыртылған вокзалдар заманауи талаптарға сай жабдықталып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен вокзалдардың жаңартылуы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.


