Қорғаныс министрі қара жамылған отбасымен кездесті

Каспийдегі оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесіп, қайғыға ортақ екенін жеткізді.

«Кешірім сұраймын. Бүкіл Қарулы күштердің атынан кешірім сұраймын. Олардың қазасы – барша елдің қайғысы», – деді министр.

Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың жақындарын қиын сәтте жалғыз қалдырмайтынын мәлімдеді. Отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, қажетті қолдау берілетіні айтылды.

Еске салайық, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, 17 әскери қызметші теңізге кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

Ұқсас ақпараттар