Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 26-28 қыркүйекте елдің солтүстігі мен шығысында түнде сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ал 27-28 қыркүйекте солтүстік-батыс пен орталық өңірлерде үсік жүреді.

Күн райы негізінен жауын-шашынсыз болғанымен, елдің шығысы, орталығы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал.

Сонымен қатар, еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар