Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, арнайы жеделхат жолдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мемлекет басшысы қаза болған сарбаздардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, отбасыларына қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді.
Сондай-ақ Президент қайғылы оқиғаға кінәлілер анықталып, олардың заң аясында жауапқа тартылатынына сендірді.
Жеделхатта қаза тапқан әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатыны да айтылған.

