Омар, Мирас және Мүслім: Алматыда үшем дүниеге келді

Жылдың басынан бері Алматыда 603 егіз және алты үшем дүниеге келген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz. 

Солардың бірі жуырда №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген үш ұл.

27 жастағы тұрғын бірден үш ұлдың анасы атанды. Отбасында енді төрт ұл бар. Сәбилердің салмағы 1740-1978 грамм, бойы 34-37 сантиметр аралығында.

Қазір үш сәби де мамандардың бақылауында. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсарып келе жатқанын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар