Алматыда дәрігерлер баланың жұлынып кеткен саусағын қайта қалпына келтірді

Алматыда бес жасар бала аулада ойнап жүріп, саусағын металл қақпаға қысып алған. Салдарынан саусағы түбінен жұлынып кеткен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Алматыдағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері шұғыл түрде күрделі микрохирургиялық ота жасады. Төрт сағатқа созылған операцияда хирургтер диаметрі 1 мм-ден аспайтын күретамырды, сіңірлерді, жүйке талшықтары мен қан тамырларын жалғаған.

Нәтижесінде баланың жұлынып кеткен саусағы толықтай қалпына келтірілген. Операция МӘМС қаражаты есебінен тегін жасалған.

Ұқсас ақпараттар