Полиция тыныштықты сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жыл басынан бері:
79 мың тыныштықты бұзу дерегі анықталды;
пиротехниканы заңсыз пайдаланудың 269 фактісінің жолы кесілді;
кәсіпкерлерге қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау бойынша 8 мыңнан астам ұсыну енгізілді.
Сонымен қатар 6 мыңнан астам учаскелік инспектор тұрғындар чатына қосылып, азаматтардың өтініштері мен шағымдарына жедел ден қоюда.

