Екібастұзда алты жастағы баланы көлік қағып мерт қылды

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы болғанын Павлодар облысының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар жол ережесі мен жылдамдық режимін қатаң сақтауы керек. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды аумақтарда аса сақ болған жөн», – делінген полиция хабарламасында.

Қаза болған баланың туыстарының айтуынша, қайғылы жағдай 19 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында болған. Олардың сөзінше, көлік тізгінінде болған қыз аулада «жатқан полицей» бар екеніне қарамастан, көлікті тым жоғары жылдамдықпен жүргізген.

Ұқсас ақпараттар