Көкшетауда сапасыз жанармай құйған 15 көлік жолда тоқтап қалған

Жүргізушілер өз наразылығын желіде жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, жанармай құю бекетінің басшылығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сапасыз жанармай құю салдарынан зардап шеккен 15 көлік анықталған.

Олар техникалық қызмет көрсету станциясына жіберілді.

Жанармай құю бекетінің басшылығы жүргізушілерге келтірілген залалды өтемек.

Ұқсас ақпараттар