Қостанайда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

25 қазан күні кешке Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында Volkswagen Passat пен №10 автобус соқтығысқан, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жеңіл көлік жүргізушісі полицияның тоқтау талабын елемей, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

Ол оқиға орнында көз жұмды, жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар