Алматыға Германияның Гамбург қаласынан жаңа Airbus A321neo ұшағы жеткізілді. Бұл — Air Astana тобының әуе паркіндегі 64-ші ұшақ, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жаңа әуе кемесінің алғашқы рейсі қараша айының басында Алматы-Астана-Алматы бағыты бойынша жоспарланған.
Ұшақтың пайдалануға берілуі ішкі бағыттардағы жолаушылар тасымалының сыйымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, қазақстандық әуе компанияларының ұшақ паркін жаңарту және кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр.


