Атырауда TikTok-та балағат сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Атырауда кәмелетке толмаған қыз TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін оның анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға 14 қазанда болған. Жасөспірім қыз TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтқан.

Осы жағдайдан кейін полиция қызметкерлері қыз бен оның анасын бөлімшеге шақырған.

Нәтижесінде әйел бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас ақпараттар