Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 163-шақырымында Chery Arrizo 8 көлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде болған үш жұмысшыны қағып кеткен. Олардың үстінде жарық шағылыстыратын кеудеше болмаған. Жол апаты салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қайтыс болып, екеуі медициналық мекемеге жатқызылды», – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.

Ұқсас ақпараттар