Атырауда денесі табылған шенеунікке қатысты жаңа дерек шықты

Атырау облысында өлі күйінде табылған Бауыржан Асаиновтың қазасына қатысты тың ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Марқұм облыстық Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментін басқарған.

Бауыржан Асаиновтың денесі 18 қазанда өзі тұрған пәтерден табылған.

Алдын ала тараған мәліметтерге сүйенсек, марқұмның денесі пәтерде шамамен екі апта бойы жатқан болуы мүмкін. Осы уақыт ішінде тұрғын үйге жылу берілгендіктен, мәйіттегі өлімнен кейінгі өзгерістер жылдамдаған болуы ықтимал. Бұл жағдай өлімнің нақты себебін анықтауды қиындатуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар