АҚШ президенті Дональд Трамптың Киевке қатысты сыни мәлімдемелеріне қарамастан, Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) Украинаға Ресейге қарсы соғыста қолдау көрсетуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Басылым дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ барлауы Украина әскеріне Ресей аумағындағы нысандарға, соның ішінде мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасау үшін барлау ақпаратын беріп отыр. Сонымен қатар, Ресейдің зымырандары мен дрондары жақындап келе жатқаны туралы украиналық тарапты алдын ала ескертеді.
Журналдың хабарлауынша, ЦРУ басшысы Джон Рэтклифф тамызда Мәскеуде Владимир Путинмен кездескен кезде, соғыста әзірге екі тараптың да жеңіске жетіп жатпағаны туралы америкалық барлаудың бағасын жеткізген. Кейін Рэтклифф бұл әңгіме туралы Украина президенті Владимир Зеленскийге де айтып берген.

