Марқұм Бауыржан Асаинов облыстағы Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментін басқарған. Оның денесі өз пәтерінен 18 қазан күні табылған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Оның денесі пәтерде шамамен екі апта жатқан болуы мүмкін. Осы уақыт аралығында үйге жылу берілген. Бұл мәйіттегі өлімнен кейінгі өзгерістерді жеделдетеді. Сол себепті өлім себебін анықтау қиынға соғуы мүмкін.
Мәліметке сәйкес, Бауыржан Асаинов пен оның ағасы арасында жанжал болуы мүмкін. Екеуі бірге ішімдік ішіп, кейін сөзге келген. Ағасы Асаиновты ұрып, ол әлі тірі кезде пәтерден кетіп қалған.

