Қарағанды облысында Қаржылық мониторинг агенттігі Саяқ ауылы маңында темір және марганец кенін заңсыз өндіру дерегін анықтады. Тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз жұмысты Vertex Co. және MiningMetall компанияларының директоры ұйымдастырған. Алайда компаниялардың пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсаты болмаған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кен орнында экскаваторлар, тиегіштер, самосвалдар мен ұсақтау қондырғысы жұмыс істеген. Өндірілген кенді ұсақтап, кейін сату үшін теміржол станциясына жөнелтіп отырған.
Тексеру барысында үш карьер анықталды. Онда жалпы көлемі 338 мың текше метр топырақ қазылған. Мамандардың есебінше, бүлінген жерлерді қалпына келтіруге 485 миллион теңге қажет.


