Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Комитет мамандары «Стратус» деп аталып жүрген нұсқаға қатысты түсінік берді. Олардың айтуынша, бұл — «Омикрон» штамының XFG тармағы. Ол жаңа вирус емес, COVID-19 қоздырғышының бір нұсқасы.
Мамандардың мәліметінше, айналымдағы коронавирус нұсқалары халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді.
Жыл басынан бері Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 247 жағдайы анықталған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,8 есе аз. 2025 жылдың осы уақытында 942 жағдай тіркелген.


