Желіде ҚазҰУ оқытушысының видеосы тарады. Университеттің мәліметінше, видео 7 қазанда түсірілген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Оқытушымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы бұйрық 2 қазанда тәртіптік комиссияның шешімімен шығарылған. Ол комиссия отырысына шақырылғанымен, қатыспаған.
Университет жұмыстан шығаруға 2024–2026 жылдары анықталған бірқатар заңбұзушылық себеп болғанын хабарлады.
Оқиға кезінде оқытушы аудиторияға өз бетінше кіріп, басқа педагогтен бөлмеден шығуын талап еткен. Кадр бөлімінің өкілі мәселені дәлізде талқылауды ұсынғанымен, оқытушы әңгімені студенттердің көзінше өткізуді қалаған.


