Ауруханаға түскен 58 оқушы емделіп, үйіне шығарылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде (РФММ) оқушылар ішек инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен еді. Енді олар аман-сау айығып, үйіне шығарылды.
Мұны мектеп өкілдері хабарлады. Балаларға дәрігерлер клиникалық хаттамаларға сәйкес қажет медициналық көмек көрсетіпті.

