Атырау облысының Жангелдин ауылындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккен отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет журналистерге сұхбат берді. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Арна мәліметінше, Ақбаян қанды оқиғадан бері бұған дейін журналистермен тілдеспеген. Ұзақ уақыт ем іздеген әйел қазір туыстарының қамқорлығында, өмірге қайта бейімделіп келеді.
Оның бес баласы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Ананың бар арманы – денсаулығын қалпына келтіріп, балаларын қайта бауырына басу. Алайда оған әзірге білікті дәрігерлердің емі мен көпшіліктің қолдауы қажет екені айтылды.


