Көкшетауда жасөспірім ашық қалған құдыққа түсіп кетті

Оқиға туралы жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде видео жариялап, құдықтың ашық жатқанына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жағдайға «Көкшетау Су арнасы» жауап берді. Кәсіпорынның мәліметінше, қазір құдықтардың кімге тиесілі екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құдықтың люгі уақытша жабылып, айналасы қоршалды», — делінген мекеме хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар