Қазақстанда мерзімді әскери қызметті өтеу тәртібі өзгеруі мүмкін. Жаңа жүйе бойынша сарбаздар алғашқы алты айда арнайы орталықтарда дайындықтан өтіп, келесі алты айда әскери бөлімдерде қызмет етеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Сонымен қатар, армия құрылымы жаңартылып, ұшқышсыз жүйелердің жеке әскері құрылады. Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауға арналған уәкіл лауазымы да енгізілмек
Реформа аясында әскердегі жарғыға қайшы әрекеттермен күресті күшейту, арнайы әскери мектептер ашу және «Жас айбын» даярлық жүйесін дамыту көзделген. Алғашқы ұйымдастырушылық өзгерістерді 2026 жылдың соңына дейін, негізгі шараларды 2027 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру де жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.


