Риддерде төрт бала отбасынан алынды

Риддерде полицейлер «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайды анықтады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, үйде азық-түлік пен ауызсу болмаған, ал санитарлық жағдай талапқа сай келмеген. Тұрғын үйдің іші тарақанға толы болған.

Бұл үйде 2020-2025 жылдар аралығында туған төрт бала тұрған.

«Балалар шұғыл түрде отбасынан алынды. Үшеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, тағы бір бала Риддер қалалық ауруханасына жеткізілді», — деп хабарлады полиция.

Ұқсас ақпараттар