FlyArystan ұшағы Павлодарға жете алмай қалды

Әуе кемесі Алматыдан Павлодарға бағыт алған екен. Алайда ауа райына байланысты межелі жерге жете алмай, Алматыға қайта оралды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ұшақ Павлодарға шамамен 300 шақырым қалғанда кері бұрылған. Себебі Павлодарда жауын жауып, ауа температурасы төмендейді деген болжам айтылған. Мұндай жағдайда ұшар алдында ұшақтың сыртын мұз қатудан қорғайтын арнайы сұйықтықпен өңдеу қажет. Алайда Павлодар әуежайында мұндай өңдеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмаған. Сондықтан экипаж кері қайтқан.

Салдарынан 20 қазандағы FS-7131 және кері бағыттағы FS-7132 рейсі тоқтатылды. Компания жолаушыларға билетті тегін ауыстыруды немесе ақшасын толық қайтаруды ұсынды.

Ұқсас ақпараттар