Алматыда үш бірдей университет жарылғыш зат туралы ақпараттан кейін тексерілді. Ақпарат расталмады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қаланың әр ауданында орналасқан үш жоғары оқу орнына төтенше қызметтер жіберілген. Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, университет ғимараттары мен оған іргелес аумақтарды тексерді.
Әлеуметтік желіде жарылғыш зат қойылуы мүмкін екені айтылған оқу орындарының бірі – Халықаралық бизнес университеті (UIB). Университет өкілдері қауіпсіздікке қатысты оқу-тексеру шаралары жүргізілгенін және ешқандай қауіп анықталмағанын хабарлады.

