Қытай Ресей газын 56 пайызға арзан сатып алады

Ресей Қытайға табиғи газды өзге шетелдік нарықтарға қарағанда екі есеге жуық арзан бағамен сатпақ, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Кремль бюджетіне қатысты жарияланған есепке сәйкес, 2026 жылы «Газпром» Қытайға газдың мың текше метрін орта есеппен 248 доллардан жеткізеді. Ал басқа алыс шетелдік нарықтарда бұл көрсеткіш 562 долларды құрайды. Яғни баға айырмашылығы шамамен 56 пайызға жетеді.

Алайда Қытай нарығы Ресей үшін Еуропаның орнын толық баса алмай отыр. Былтыр «Сібір күші» газ құбыры арқылы Қытайға 39 миллиард текше метрден астам газ жеткізілген. Бұл Ресейдің Еуропаға бұрын экспорттаған көлемінің бестен біріне ғана тең.

Ал Қытайға жаңа газ құбырын тарту жөніндегі келіссөздер әзірге баға мәселесіне байланысты тұйыққа тірелген. Бейжің газды барынша арзан сатып алуға мүдделі болса, Мәскеу ұсынылған шарттарға келіспей отыр.

Ұқсас ақпараттар