Эквадордың Гуаякиль қаласында католик дін қызметкері Патрисио Альфредо Санчес Молинари құлшылық рәсімі кезінде көз жұмды. Қайғылы оқиға шіркеудегі қызмет тікелей эфирде көрсетіліп жатқан сәтте болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Құрбандық үстелінің артында бекітілген үлкен ағаш крест кенеттен құлап, дін қызметкерінің басына тиген. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Қайғылы жағдай шіркеуге жиналған жамағаттың және тікелей эфирді көріп отырған адамдардың көз алдында болған.

