Қазақстанда 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға берілетін төлем қысқарады

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Төлем берілетін ең ұзақ мерзім алты айдан үш айға дейін қысқарады. Бұл туралы 19 қазанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

Министрліктің түсіндіруінше, жұмыссыз қалған азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіптік оқыту және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Көмек алу үшін жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Мұны тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы, eGov.kz порталы немесе Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жасауға болады.

Тіркелу кезінде білімі, кәсіби дағдылары, еңбек өтілі және қандай жұмыс іздеп жүргені туралы мәлімет көрсету қажет.

Ұқсас ақпараттар