АҚШ президенті Дональд Трамптың өкілдері Еуропаға Ресейдің табиғи газын жеткізуді қайта бастау мәселесін көтерген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Басылымның мәліметінше, АҚШ өкілдері бұл ұсынысты Украина және Еуропа елдерінің ресми тұлғаларымен кездесулерде талқылаған. Вашингтон Ресей газын Еуропаға қайта жеткізу Мәскеуді соғысты тоқтатуға ынталандыруы мүмкін деп есептейді.
Америкалық тарап Украинаға бұрын Ресей газын Еуропаға тасымалдаған құбырлардың жұмысын қайта жандандыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған. Алайда бұл бастаманың нақты қандай шарттармен жүзеге асырылуы мүмкін екені әзірге белгісіз.
Еуропалық шенеуніктер ұсынысқа күмәнмен қарады. Себебі Ресейдің Украинаға қарсы соғысынан кейін Еуропа елдері ресейлік энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуға күш салып келеді.

