Алматыда Астраханская көшесіндегі үйлердің бірінің маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жасырылған жері анықталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Полицияның мәліметінше, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жасырын орыннан ұңғысы кесілген ТОЗ-25 мылтығы, тапаншаға ұқсас зат және әртүрлі калибрдегі оқ-дәрілер табылған.
Бұдан бөлек, жарық-дыбыс гранаталары мен басқа да қауіпті заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

