Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы 100% қаражатын жеке басқарушы компанияға бере алады

Әр салымшы компанияны және инвестициялау стратегиясын өзі таңдайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жеке басқаруға берген жағдайда нақты аударылған зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік сақталады. Алайда таңдалған инвестицияға байланысты тәуекелдер үшін салымшының өзі жауап береді.

Сондықтан министрлік қаражатты сеніп тапсырмас бұрын басқарушы компанияның жұмысын, инвестициялық стратегиясын және ықтимал тәуекелдерін зерттеуге кеңес берді.

Зейнетақы жинақтарын басқару шарттары қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

Ұқсас ақпараттар